Басы » Кембридж бағдарламасы » Сөйлем туралы түсінік

Сөйлем туралы түсінік

Солтүстік Қазақстан облысы

Уәлиханов ауданы

Кішкенекөл қазақ мектеп-гимназиясы

Мусина Ардақ Тұрсынқызы

Тақырыбы: Сөйлем туралы түсінік

Мақсаты: Сөйлем туралы білімдерін толықтыру

Күтілетін нәтиже:

1)сөйлемнің ережесін біледі;

2)сөйлем тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерден тұратынын біледі;

3) синтаксис саласы сөз тіркесін де, сөйлемді де зерттейтінін біледі;

Сабақтың түрі: жаңа білім беретін сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, талдау, баяндау, топтық жұмыс

Қосымша құралдар: А3 қағазы, маркер, орамал

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Сергіту сәті (шеңбер құрып тұрған оқушылар ұқсас белгілері арқылы ортаға шығады, 4 немесе 5 оқушы болса бір топ болады)

ІІ Үй тапсырмасырн тексеру

  1. «Орамал тастау» ойыны. (орамал тастаған адамға өткен тақырыптар бойынша сұрақ қойылады, ол жауап беріп келесі топтың бір оқушысына орамал тастап, сұрақ қояды, ол келесі топтағыға орамал тастайды)
  2. Жаттығу жұмысын тексеру

ІІІ Жаңа сабақ

  • Жаңа тақырыпты меңгермей тұрып сөйлем бойынша бұған дейін не білетіндерін қағазға жазады.
  • Жаңа тақырыпты оқығаннан кейін жазғандарын толықтырады.

Бір-бірін шапалақпен бағалайды. (шапалақ неғұрлым қатты соғылса, соншалықты жақсы, нақты жазылғаны) І топты ІІ топ, ІІ топты ІІІ топ, ІІІ топты ІV топ,  ІV топты І топ бағалайды.

17-жаттығу

І топ –хабарлы сөйлемдерді, ІІ топ –сұраулы сөйлемдерді, ІІІ топ –бұйрықты сөйлемдерді, ІV топ –лепті сөйлемдерді  тереді, шақ категориясын анықтайды.

Тақтада (19-жаттығу) А деңгейіндегі оқушы синтаксистік талдау жасайды.

22-жаттығу

І топ – Жамбылдың, ІІ топ Ы. Алтынсариннің, ІІІ топ К.Әзірбаевтің, ІV топ Абайдың 1 шумақ өлеңдерін қарасөзге айналдырып, сөйлем құрайды.

Бағалау: «Керемет», «Жақсы», «Орташа», «Нашар» деген сөздерді пайдану.

Сабақты  бекіту

«Орамал тастау» ойыны арқылы (жаңа тақырып бойынша сұрақ қояды)

Сабақты қорытындылау

  • Топ басшылары тобындағы оқушыларды бағалайды
  • Үй тапсырмасын беру (18,23-жаттығулар)

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *