Зат есім

Ақмола облысы

Жарқайың ауданы

Өмірлік орта мектебі

Мықтыбекова Зинат Қайыржанқызы

Бастауыш сынып  мұғалімі

 Сабақтың тақырыбы: Зат есім

Сабақтың мақсаты: оқушылардың зат есім туралы түсініктерін кеңейту.

Білімділік: зат есім болатын сөздердің мағынасына, грамматикалық белгісіне қарай талдату

Дамытушылық: сөздік қорларын молайту,байланыстырып сөйлеуге үйрете отырып ,тілін дамыту.

Тәрбиелік: көркем жазуға ,алғырлыққа, зеректікке , тапқырлыққа баулып,тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Ой қозғау» стратегиясы, «Көрнекілік» стратегиясы, семантикалық карта,топпен жұмыс

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Психологиялық дайындық

3..Үй тапсырмасы

4.Қызығушылықты ояту

5.Мағынаны тану

6.Ой толғаныс

1.Ұйымдастыру кезеңі

-Оқушыларды топтарға бөліп отырғызу.Сабаққа әзірліктерін тексеру.Назарларын сабаққа аударту.

2.Психологиялық дайындық

Ана тілің арың бұл

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте!

3.Үй тапсырмасы

Оқушылардан үйге берілген тапсырма сұралады.Екі топтан да сұралады.

4.Қызығушылықты ояту   «Ой қозғау» стратегиясы

Жұмбақ жасыру.

Білесіңдер Кім? Не? деген сұрағын

Сөйлемдегі ой иесі боламын,

Не істеді сұрағымен көркейемін, толамын.

                                            Бұл қандай сөз табы?

/Оқушыларға тақтадан суреттер көрсетіледі.Суреттерге сұрақтар қою арқылы зат есімнің сұрақтары нақтыланады./

5.Мағынаны тану

Ереже

Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім деп атаймыз.

Зат есім кім? кімдер? не? нелер? деген сұрақтарға жауап береді.

Мысалы: Айдос, балалар,қалам, үйлер.

1-жаттығу

-Оқушыларға сөзжұмбақты бере отырып, екі топ кітапқа қарай отырып,тапсырманы орындайды.

.2-жаттығу

-Мәтінді оқы.Мәтінде не туралы айтылған? Мәтінге ат қою.Мәтінді зат есімдерсіз оқып көр.Мәтінді зат есімдерсіз түсінуге бола ма?Зат есімдерді теріп жазу.1-ші абзацты 1-ші топ, 2-ші абзацты 2-топ оқиды.

Сергіту сәті

Көжегім тұршы, бетіңді жушы

Айнаға қарашы,шашыңды тарашы,

Киіміңді киші,мектепке қарай жүрші

Сабағыңды оқышы,орыныңа отыршы

3-жаттығу

-Оқушылар жаттығуды тақтаға шығып орындайды.

 

Адамдар: нағашы,ақын,бала,апа,ата.

Өсімдіктер: түймедағы,раушан,қоңыраугүл,сарғалдақ.

Құстар: бүркіт,тоқылдақ,қарға,торғай

Балықтар: жайын, сазан,алабұға,шабақ

Аңдар: жолбарыс,қоян, арыстан,қасқыр

Еңбек құралдары: егеу,балта,балға,ара

Көлік: трамвай,автобус,ұшақ,пойыз

Шығармашылық тапсырма  «Көрнекілік» стратегиясы

Әр топқа зат есімге қатысты сурет салу тапсырылады.Сосын екі топтан бір спикер шығып қорғайды.

4-жаттығу

Кім?               Кімдер?                Не?                        Нелер?

Іні                  Балалар            Машина                     Ойыншықтар

Әпке                                        Арба

Аға                                           Шана

Ат

Тақпақ

 

 

6.Ой толғаныс

Семантикалық карта

Сұрақтар Кім? Кімдер? Не? Нелер?
Сөздер
Оқушы
Парта
Қаламдар
Балалар
Кітап
 Айнұр
Қоян

 

7.Үйге тапсырма   5-жаттығу,16 бет

8.Бағалау

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *