Басы » Tәрбие сағаттары » Отбасы-отанымыздың ошағы

Отбасы-отанымыздың ошағы

Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
 Жаңаөзен политехникалық колледжі

Инирбаева Шалкы Нұрлиходжаевна

 «Отбасы-отанымыздың ошағы»

«Отбасы-отанымыздың ошағы» тақырыбында ашық тәрбие сабағын таңдауымыздың өзіндік мәні мен маңызы ерекше. Біз, Қазақстан халқы, өз байырғы қазақ жерімізде егеменді мемлекетімізді құрдық. Өз Конституциямызды қабылдап, мемлекетіміздің өз мақсатын айқындап, бекіттік. Ата Заңымыздың преамбуласында көрсетілгендей біз өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам құрудамыз. Біздің республикамыздың түбегейлі принциптерінің бірі- қоғамдық татулық, отандық патриотизм.

Отан-отбасынан басталады дегендей, біз өз Отанымызды, елімізді жанымыздай сүюге, Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры берік, болашағы баянды болуына жан-жақты атсалысуымыз қажет. Отанымызды сүюге тәрбиелейтін бірден-бір орта – бұл отбасы. Отбасы-шағын мемлекет.

Мемлекеттің пайда болу теориясын зерттеуде Қазақстанның заңгер ғалымдары зерделеген еңбектерінде Патриархалдық теориялық ілімнің негізін салған Платон, Аристотель пікірі бойынша мемлекеттің құрылуына отбасылық қағидалар басшылыққа алынып, қоғамдық-саяси ұйымдық билік етуде отбасындағы басқару үлгілері қолданылған деген ілімді  танытады.

Жалпы, отбасының өзіндік қағидаларымен қоғамда алар орны ерекше. Олай дейтініміз, азаматтық қоғамның бір бөлшегі болып саналатын отбасы- барлық тәрбиенің ошағы. «Ел боламын десең – бесігіңді түзе» деп қазақ даналары бекер айтпаған. Мемлекет айыптап, жазалап отырған құқықбұзушының өзі де сол отбасынан шығады. Неғұрлым отбасында адам рухани тазалыққа, тәртіптілікке тәрбиеленсе, соғұрлым  мемлекет ісін жүзеге асыруда мұқияттылық қалыптасып, оның қоғамдық ортада абыройлы да беделді өз орны болмақ. Қоғамымызда белсенді құқықтық тәртіпке сай мінез-құлықты азаматтар саны басым болса, ол мемлекетіміздің нығайып, өсіп-өркендеуіне мол үлес қосатыны сөзсіз. Ал, керісінше енжар мінез-құлықты адамдардың көбеюі, ол салақтыққа, немқұрайдылыққа әкеліп, тәртіпсіздікке, тіпті құқықбұзушылыққа апарып соқтыруы мүмкін. Осы мәселердің алдын-алу, өз елімізді әлемдік аренада өзіндік беделі болуын қазірден бастап қолға алғанымыз абзал.

ҚР Білім қызметкерлерінің 1-съезіне қатысқан ЮНЕСКО өкілі К.Пауэр мырзаның «Сіздер Европалық білім мазмұнын сол күйі ала салудан аулақ болыңыздар. ¤йткені, тек Шығыстың, Орта Азияның ерекшеліктері өз алдына, Қазақстан халықтарының да, қазақтардың да бөлекше ойлайтынына менің көзім әбден жетті. Сіздер терең білім берумен қатар ұлттық сипаттарыңызды жоғалтпауды басты нысанада ұстасаңыздар, әлемдік өркениеттен тезірек өз орныңызды табасыздар»,-деген сөздері ұлт деп соғатын жүрегі бар әрбір намысты қазаққа ой салады деп ойлаймын. Қоғамымыздың алтын діңгегі -ұлттық тәрбие берерлік асыл қазынаға бай. Біздің міндетіміз – елім дейтін азаматқа осы бір таусылмас халықтық қазынаны үлестіре білу.

Сабақтың дамытушылық мәні- отбасының мазмұнын, міндетін түсіндіру және отбасылық-құқықтық қатынас негіздерін ұғындыру, студенттердің құқықтық білімін нығайту, азаматтық қоғам қалыптастыруда болашақта үлгілі отбасын құру мақсатымен үлес қосу, отбасының қорғалуын қамтамасыз ете білуге үйрену. Сондай-ақ, жеке тұлға ретінде, болашақ маман ретінде өзіндік идеясын, көзқарасын, сенімділігін, жауапкершілігін дамыту.

Тәрбиелік мәні- Адам баласының қасиетті борыштары ата-анаға, үлкенге құрмет, кішілерге ізет көрсету, мейірімділік, адамгершілік, сүйіспеншілік және отансүйгіштік қасиеттер отбасынан бастау алатынын ұғындыра отырып, рухани тәрбиелеу.

Сабағымыздың әдіс-тәсілі психологиялық тұрғыдан ұйымдастырылады. Мұнда адамның ішкі жан дүниесіне терең үңілу, ойына ой қосу, қиялына қанат бітіру, тәрбие арқылы білім алуға деген құлшынысын, қызығушылығын ояту.

Сабақтың көрнекілігі: ҚР Конституциясы, ҚР Президентінің жолдауы, ҚР Неке және Отбасы туралы Заңы, ҚР Гендерлік саясаты туралы Заңы, Қанатты сөздер, қыздар қолымен өрнектелген бұйымдар, сандық, қыздардың әшекей бұйымдары, «жұмбақ адам», үнтаспа, бейне таспа т.б.

 Сабақтың барысы

1.Тәрбие сабағын ашу. (сабақтың мақсатын, маңызын, әдістерін түсіндіру).

  1. «Отан-отбасынан басталады» тақырыбында баяндама.

Топ студенті Елдибаева Гүлшат

  1. Қонақтарға сөз беру.
  2. Сұрақтар қою.
  3. Көркем сөз оқу. «Ана туралы баллада» Чоканов А
  4. («Көңіл толқыны» күйі орындалады. Тұрсынбаев С)
  5. «Ана жүрегі», «Сәби бақыты» бейнетаспасын көру.
  6. Бейнетаспадағы сюжеттер туралы студенттер мен ата-аналар пікірлерін тыңдау.
  7. Алтын сандық ойыны.(Студенттердің құқықтық сауаттылығын сынау  және өз отанының тарихи-саяси жағдайларын, ұлттық салт-дәстүрлерін танып-білу тұрғысында сұрақтар). Жеңіске жеткен студент алтын сандық ішіндегі жүлдеге ие болады.

«Алтын сандық» ойынының сұрақтары

1.Неке және отбасы Заңының принциптері?

2.Неке және отбасы Заңымен реттелетін қатынастар?

3.Некелесуге тиым салынатын жағдайлар?

4.Ерлі-зайыптылардың жеке құқығы?

5.Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқығы?

6.Некені жарамсыз деп тануға кімдер талап қоюға құқығы бар?

7.Мемлекеттік биліктің бастауы кім, оны түсіндіріңіз!

8.1998жылғы ҚР Конституциясына қандай өзгертулер енгізілді және қандай мақсатпен?

9.Жеті қазынаны атаңыз!

10.Қызға ұрын бару салтын түсіндіріңіз!

 

Қазіргі қоғамдағы отбасылық мәселелер туралы көрініс. Топ студенттері. «Жұмбақ кейіпкерді» тыңдау.

  1. Осыған орай қонақтарды қатыстыра отырып студенттер ойларын тыңдау.
  2. Ән. «Қоштасқым келмейді». Нұрмағамбетов Ж, Сағырбаев Е
  3. Әке туралы ән. Қуанышбекова Г

Қорытындылау

-отбасылық басылымдардағы мақалаларды оқып отыру;

-театр қойылымдарына бару;

-ата-аналарымен пікірлесіп, ой бөлісу;

-бұқаралық ақпарат құралдарына өз ойларын білдіріп, мақалалар жазу;

Отбасында қоғамымызға жарамды мығым тәрбие беру арқылы, мемлекетіміздің дамып-өркендеуіне өз үлесімізді қоса берейік.

Қалың жұрттың қаймағы бұзылмай, қазақ отбасының шаңырағы шайқалмай, алтын күн аспанында елдік туымыз мәңгі желбіреп, асыл мұраттарға жетелеген айбынды үніміз асқақтай берсін!

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *