Басы » Tәрбие сағаттары » Қазақстанның белгілі спортшылары

Қазақстанның белгілі спортшылары

«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің
№121 Құсмұрын орта мектебі» ММ
Қойшыбаева Ғ.Т.
28 қаңтар – Мемлекеттік тіл күніне
арналған сыныптан тыс іс-шара
Тақырыбы:«Қазақстанның белгілі спортшылары »
Мемлекеттік тіл күніне арналған сыныптан тыс іс-шара
Өткізілетін күні: 28 қаңтар
Сынып: 7 сынып
Тақырыбы: «Қазақстанның белгілі спортшылары».
Мақсаты:
1.оқушыларды Қазақстан спортшыларымен таныстыру, салауатты өмір салтын ұстануға баулу, спортқа деген қызығушылығын арттыру.
2. өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға , шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру, спортқа деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, дені сау азамат болуға, олимпиада жеңімпаздарын мақтан тұтуға үндеу.
3.белгілі спортшылардың өмірі мен жетістіктерінен үлгі ала отырып, салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: презентация, әндер, ойындар
Барысы:
1.Мемлекеттік тіл күні
1 жүргізуші:
— Құрметті шәкірттер, ұстаздар! Бүгін 28 қаңтар – мемлекеттік тіл күні.
Тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Қазақстанның белгілі спортшылары».
1 жүргізуші
— Ана тілі — адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп — өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан — ұрпаққа сақтап отыратын қазына.
2 жүргізуші
— Қазақ тілі аса бай, икемді тіл. Орамын, бұрымын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш, текемет оюға болады – ау .Халықтың тіліне жырына құлақ салсаң, небір алуан — шекер балдай татитын нәріне тоймайсың
1 оқушы
Ана тілім — тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы,
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.

2 оқушы
Тілін білген Абылай, Абайым да,
Құдірет берген Ана тіл талай ұлға.
Қасиетті тілімнің арқасында
Ерікті ел боп алысқа қарайын да.

3 оқушы
Ерекше бір сән беріп көшке бүгін,
Келе жатыр жаңғырып өшкен үнім.
Ана тілім рухымды көтереді,
Самал тербеп тұрғандай текше гүлін.

2. Спорт түрлері
1 жүргізуші
— Балалар, тіл туралы біз не білеміз? Ойларымызды ортаға салайық.Халық бар жерде тіл бар. Тіл бар жерде өнер бар. Өнер бар жерде жанкүйер бар. Әр халықтың ана тілі — оның бақыты, оның қуанышы.
Туған тілің мақтан ету, оны таза сақтау, оның өрлеп, өсе түсуіне еңбек сіңіру — әрбір қазақ отбасының жүрегі.
2 жүргізуші
Халықтың қуаты — тілдің қуаты. Біз ана тілімізді ең айтқыш, ең білгір, ең бай тілдердің біріне айналдыруымыз керек. Бүгінгі сыныптан тыс іс-шарамыз Лондон олимпиадасына қатысқан Қазақстандық белгілі спортшылар туралы болмақ.

Презентация « Спорт туралы»
1 жүргізуші
— Балалар, енді спорт туралы білетін ойларымызды ортаға салайық
(«Кластерлеу»әдісі . Спорт түрлері)
ат спорты күрес жүзу

баскетбол волейбол

жүгіру хоккей футбол
2 жүргізуші
— Балалар, енді спорттың түрлерін ажыратайық
Жазғы спорт түрлері:—————— Қысқы спорт түрлері:
• 1. Велоспорт ————————- 1. Биатлон
• 2. Ат спорты ————————- 2. Тау шаңғысы спорты
• 3. Жеңіл атлетика —————— 3. Шаңғы жарыстары
• 4. Гольф —————————— 4. Мәнерлеп сырғанау
• 5. Теннис —————————— 5. Фристайл
• 6. Футбол —————————— 6. Хоккей
• 7. Суда жүзу ————————- 7. Шорт — трек

3. Лондон Олимпиадасы
1 жүргізуші
-Жазғы ХХХ олимпиада Лондонда қатысқан белгілі спортшылар туралы не білеміз?
(Қысқаша мәліметтер: Серік Сәпиев, Ақжүрек Таңатаров, Әділбек Ниязымбетов, Александр Винокуров, Илья Ильин, Мая Манеза, Зульфия Чиншанло, Ольга Рыпакова, Светлана Подобедова, Даниял Гаджиев, Гузель Манюрова, Иван Дычко, Марина Вольнова. )
2 жүргізуші
-Жазғы ХХХ олимпиада Лондонда өтті. Қазақстаннан 116 спортшы спорттың 25 түрінен қатысты.
Олимпиада нәтижесі бойынша Қазақстан 12 — ші орыннан көрінді. Барлығы 13 медаль алды. Оның жетеуі алтын, біреуі күміс, бесеуі қола медаль.
1 жүргізуші
(Лондон Олимпиада жүлдегерлері:
Алтын медаль: Александр Винокуров, Серік Сәпиев, Илья Ильин, Мая Манеза,
Зульфия Чиншанло, Ольга Рыпакова. Светлана Подобедова.
2 жүргізуші
Күміс медаль: Әділбек Ниязымбетов.
Қола медаль: Ақжүрек Таңатаров, Даниял Гаджиев, Гузель Манюрова, Иван Дычко, Марина Вольнова)
1 жүргізуші
-Қазақстанның әр белгілі спортшының жеңісі бағаланып, Англиядағы Лондонда Қазақстанның мемлекеттік әнұраны айтылып, көк туымыз желбіреді.
«Көк тудың желбірегені» әні
2 жүргізуші
— Біздің де оқушылар спорт жанкүйерлері және әрқайсысында сүйікті спортшысы бар.
4. Сүйікті спортшым
1 оқушы
Иван Дычко – боксшы. Спортшы – біздің жерлесіміз. 91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсетті
2 оқушы
Илья Ильин Қазақстанның жалғыз төрт дүркін әлем чемпионы. Ауыр атлетші . 94 келіге дейінгі салмақ санатында өнер көрсетті.
3 оқушы
Василий Жиров — Олимпиада чемпионы, боксшы, 81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Олимпиада нәтижесі бойынша Вэл Баркер кубогына қол жеткізген алғашқы қазақ боксшысы.
4 оқушы
Ольга Шишигина — Олимпиада чемпионы, кедергілермен 100 м жүгіру бойынша байрақты спорт додасының жеңімпазы атанды.
5 оқушы
Серік Сәпиев — боксшы, Олимпиада чемпионы, Вэл Баркер кубогына ие болған қазақ жерінен шыққан үшінші спортшы. Қазақстанның Ұлттық бокс құрамасының капитаны.

5. Спортшылар жарысы

1 жүргізуші
-Балалар спорт адамның денсаулығына өте пайдалы. Спортпен шұғылдану керек. Спорт денені шынықтырады. Біздің де мектепте болашақ спортшылар аз емес. Ойынға қатысу үшін «Сұңқар» спорттық залында жаттығатын балаларды қарсы алайық..
2 жүргізуші
Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!
(«Сұңқар» спорттық залының спортшылар келеді)
1. Ойын: «Спортшыны тану»
Әр топқа 4 спортшының суреті беріледі.
-Бұл кім? -Спорттың қай түрімен шұғылданады? -Қандай олимпиада чемпионы? -Олимпиада қай жылы болды?
І – топ Светлана Подобедова (ауыр атлетика Лондон-2012) Жақсылық Үшкемпіров (еркін күрес Мәскеу 1980) Ермахан Ибраимов (бокс Сидней 2000) Бекзат Саттарханов (бокс Сидней 2000)
ІІ – топ Серік Сапиев ( бокс Лондон-2012) Серік Қонақбаев ( бокс Мәскеу 1980) Ермахан Ибраимов (бокс Сидней 2000) Ольга Шишигина (жеңіл атлетика Сидней 2000)
2. Азиада-2011 спорт түрін атау
2011 жылдың 30 қаңтар мен 6 ақпан күндері Астана мен Алматы қалаларында 7- Қысқы Азиада ойындары өтті. Қысқы Азиада ойындарында спорттың 11 түрі болды Азиада-2011 ойындарында болған спорттың 11түрін жазу.
Жауаптары: Биатлон, фристайл, шаңғы, допты хоккей, тау шаңғысы, шорт-трек, шайбалы хоккей, тау шаңғысы , конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау.

3. Капитандар жарысы:
Капитандарға жеке тапсырма беріледі — сөйлемдерді толықтыру, осы кезде жанкүйерлер жарысады.
Сөйлемдерді толықтыру:

• Спорт денсаулыққа … .
• Екі адамның жекпе жегі түріндегі спорт түрі … .
• Мұз бетінде арнайы дайындалған құралмен сырғанау түрі — … .
• Қысқы спорт түрі … .

• Негізгі құралы доп болып саналатын спорт түрі … .
• Штанғаны жоғары көтеру бойынша жаттығулардың орындалуы — … .
• Қазақстан – ежелден спорттық дәстүрі … .
• Жүгіру денсаулық үшін … .

6.Жанкүйерлер жарысы: «7 сұрақ»

1) Әлемде жанкүйері ең көп спорт түрі қайсы? (футбол)
2) Барлық спорт түрлері ойналатын халықаралық жарыс қалай аталады? (Олимпиада)
3) 1980 жылы олимпиада қай қалада өтті? (Мәскеу)
4) 2011 жылы Қазақстанда қандай халықаралық жарыс өтті? (Азияда)
5) Алматыда 1697 метр биіктікке салынған мұз айдыны қалай аталады? (Медеу)
6) 2012 жылы Олимпиада қайда болған? (Англияда)
7) Бұл олимпиадада қандай спортшылар алтын медалін жеңіп алған? (Илья Ильин, Серік Сапиев, Мая Манеза, Александр Винокуров, Татьяна Подобедова, Ольга Рыпакова, Зульфия Чиншанло).
8) Қандай Қазақстанның әйгілі спортшыларың білесіңдер? (Жақсылық Үшкемпіров, Серік Қонақбаев, Ермахан Ибраимов, Ольга Шишигина, Василий Жиров, Ислам Байрамуков).

«Чемпиондар» әні

7. Салауатты өмір салты
1 жүргізуші
-Елбасының Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі — салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі.
2 жүргізуші
-Халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін «Салауатты өмір салты» кешенді бағдарламасы іске асуда.
1 жүргізуші
-Егемен еліміздің туын көкке көтеретін, елдің елдігін танытатын бүгінгі ұрпақ өмірін қызықты етіп өткізу үшін өз күш-жігерін аямауы қажет.
2 жүргізуші
-Салауатты өмір сүру дегеніміз — әлеуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану. денсаулықты сақтау және нығайту .
1 оқушы
Бүгініміз бар жарқын,
Ертеңіміз бар айқын,
Асырайық бірге
Салауаттылықтың даңқын.
2 оқушы
Спорт – көркі өмірдің,
Спорт- досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың
1 жүргізуші
-Біз де салауатты өмір салтын сақтаймыз, жаттығудан ешқашан да қашпаймыз.
2 жүргізуші
-Спортпен достас, жалқаулықпен қоштас, — демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік!
1 жүргізуші
-Отанымыздың ертеңгі жағдайы сендердің қандай азамат болып өскендеріңе байланысты. Ертеңгі күн әрқайсысың мемлекетті құрайтын адам, әр мамандықтың иесі боласыңдар, қызмет атқарасыңдар! 2 жүргізуші
-Сол қызмет барысында халыққа, мемлекетке қызмет етесіндер. Табандылықпен білім сатысынан көрініп саналы, сауатты, салауатты азамат болып, қазақ елінің жарқын болашағын кұрайтын жастар болып өсе беріңдер!

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *