Қостанай облысы
Жангелдин ауданы
Сужарған ауылы
Қ.Қойдосов атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Қоянбаева Гүлжаухар Тұрсынбекқызы
Сабақ тақырыбы: «Отбасы – шағын қоғам.»
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Отбасы — әр адамның шағын отаны. Ол қоғамның бір бөлшегі, от бар жерде өмір бар. Отбасы деген келешек ұрпақты жалғастыратын болашақ. Отбасында адамдардың алатын орны туралы түсінік беру. Оқушыларға әке — шеше, бауырдың қадірін білгізу.
Дамытушылық: Ұл мен қыздар әке-шешесінің қамқорлығына, шексіз сүйіспеншілігіне бөленіп, олардың дәулеті мен қызығын көріп ғана қоймай, олардан адамгершілік, әдеп-инабат тағылымын алуға, жақсы қасиеттерді бойына сіңіру, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге баулу.
Тәрбиелік: Ата-анасына, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншіліктерін ояту. Сыйластыққа, мейірімділікке, татулыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ата-анаға деген сүйіспеншілікті, құрмет сезімін ояту, адал да парасатты ұл мен қыз тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ–жауап, ойын.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: сөзжұмбақ, көрнекіліктер.
Сабақтың барысы.
I.Ұйымдастыру.
Сәлеметсіздерме оқушылар және бүгінгі сабағымыздың көрермен Ұстаздары!
— Бүгін бізде ашық сабақ
— Ал енді балалар барлығымыз дүниетану дәптер, кітаптарымызды ашып назарымызды сабаққа аударамыз.
— Жарайсыңдар, балалар үйге қандай тапсырма берілді?
— Жер шар тәрізді дене. Глобус жердің дәл үлгісі.
— Жарайсыңдар олай болса балалар бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтеді 2 топ білім додасына түседі. Мен сендерден үй тапсырмасын мына сыйқырлы сандық арқылы сұрағым келіп отыр. Сыйқырлы сандықтың ішінде бізде үй тапсырмасына қатысты сұрақтар берілген. Сол сұрақтарға жауап бересіңдер.
- Үй тапсырмасын сұрау.
Балдырған және Балбөбек тобы.
- Мұхит дегеніміз не?
Жер бетінің су басып жатқан аса ірі кеңістіктерін мұхит деп атайды.
- Теңіз дегеніміз не?
Мұхиттың теңізге кіріп жатқан шағын бөліктерін теңіз құрайды.
- Материк дегеніміз не?
Құрлықтың жан — жағынан мұхиттармен қоршалған ірі бөліктері материк деп аталады.
- Жер шарында неше мұхит, қанша материк бар?
4 мұхит бар. Олар: Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік Мұзды мұхиты. 6 материк бар. Олар: Еуразия, Африка, Аустралия, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка және Антарктида.
Отбасында адам бойында асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады.Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, отбасына деген сүйіспеншіліктен басталады.
Н.Ә.Назарбаев
Отбасы — шағын қоғам.
Тақырыпты оқып түсіндіру, сұрақтар қою
Сергіту сәті
Отбасы мүшелері қандай мақсат біріктіреді?
— Ал енді балалар сендер мақал-мәтелді көп білетін шығарсыңдар. Қәзір мен сендерді, екі топты мақал-мәтел сайысын.
Жалғасын тап ойыны:
- Ата — бәйтерек, ………….. .
(Бала — жапырақ)
- Ағаны көріп іні өсер, ………….. .
(Апаны көріп сіңлі өсер)
- Аталы бала ақылды, ……. ………
(Әжелі бала еркетай)
- Әке көрген оқ жонар, …………….
(Шеше көрген тон пішер)
- Отан — елдің анасы, ………….. .
(Ел — ердің анасы)
- Қыздың ұяты анаға, ………………….
( Ұлдың ұяты әкеге).
Жұмбақтарды шешу.
Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің
Білер оны сұраған. Ол кім?
( Атаң)
Әлпештеп өзіңдей өсірген,
Нағашы әжеңнің баласы.
Төрінде жалпиып көсілген,
Бұл күнде жиеннің анасы
Ол кім?
(Анаң)
Атаңның баласы
Кей кезде таласып,
Қаласың әжеге
Білгенің асады кәдеге?
Ол кім?
(Әкең)
Аймалайды күнім деп,
Мейірімді жүзі күлімдеп.
Тәтті – ақ дейді немере
Бал шырындай үнің деп.
Ол кім?
(Әжең)
«Тығырықтан шығу» деп аталады. Мұнда жағдаяттық сауалдар беріледі.Өз пікірлеріңізді білдіресіздер.
Анашым мен бүгін сабаққа бармай-ақ қояйыншы, үйге берілген тапсырманы жаттамап едім, апай сұраса «ауырып жатыр» деп айта салыңызшы.
- Сенің өзіңнің жақын адал досың бар, бірақ онымен дос болуға ата-анаң қарсы. Сен не істейсің?
- Көктем мезгілі. Жолдасың сабақ оқуын азайтып, сабақтан тыс нәрселерге көп көңіл өлетіндіктен сабақ үлгерімі төмендеп кетті.сен не істейсің?
- Сенің сабақ лгерімің орташа.Сыныптастарың сені білімің бойынша бағалап, адамгершілік қасиеттерінді көре білмейді.сен не істейсің?
- Пән мұғалімдері сенің жауапкершілігіңді бағалап ертеңге бір жұмыс тапсырды.Белгілі себептермен сен ол жұмысты орындап бола алмадың, не істейсің?
- Сен тәртіпсіздік жасадың.Мұғалім саған қатты-қатты ескерту жасады. Сен не істейсің?
|
- Сыныпта сабақтан себепсіз көп қалып қоятын оқушы бар. Ол оқушыға деген көз қарасың қандай?
Балалар тәрбиесі-біздің өміріміздегі ең маңызды бөлім.
Біздің балаларымыз-біздің еліміздің келешек азаматтары не әлем азаматтары. Бұлар келешек әкелер мен аналар, олар да өз балаларын тәрбиелейді. Біздің балаларымыз тамаша азамат, жақсы әкелер мен аналар болып өсуі қажет… Біздің балаларымыз-бұл біздің ар-ұжданымыз, біздің қартайған шағымыз.
А.С.Макаренко
Егер ерлі-зайыптылыр бастары қосылғанша бір- бірінің құлқын, әдеттері мен мінездерін біліп алмаса, некенің бақыты болуы мүмкін емес.
О.Бальзак.
Елін сүйер, сеніңіз
Өз отбасын сүйе алған.
Қасым Аманжолов
Ата- анадан өсіп ұрпақ тараған,
Жақсы, жаман болса, бала – солардан.
…тәрбиенің негізі бес жасқа дейін қаланады, бес жасқа дейін жүргізген
Барлық тәрбие ісіңіз-бүкіл тәрбие процесінің 90 проценті.
Ж.Баласағұни
Бала сіздің ғана қуанышыңыз ғана емес екендігін, сол үшін еліміздің
алдында жауап беретіңізді әрдайым естен шығармауыңыз керек.
А.С.Макаренко
Ата тұрып ұл сөйлесе – ер жеткені болар,
Ана тұрып қыз сөйлесе- бой жеткені болар.
Сырым Датұлы.
Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіздің ата- аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз. Сіздің отбасыңызда және сіздің басшылығыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер және болашақ күрескер өсіп келеді.
А.С.Макаренко
Отбасыда өзара сүйіспеншілік болғанда ғана
отбасылық тұрмыс зор бақытқа кеңеле алады.
Н.К.Крупская
Бір бала бар- атаға жете туады.
Бір бала бар –атадан өте туады.
Бір бала бар- кері кете туады.
Қазыбек би.
- Виндеграмма. «Отбасы» және «Қоғам»
Отбасы Қоғам
- 7. «Менің отбасым» зерттеу анкетасын толтыру.
Менің отбасым.
Менің атым_________________
Менің әкемнің аты________________
Менің анамның аты__________________
Менің әжемнің аты____________________
Менің атамның аты__________________
Менің ағамның аты___________________
Менің әпкемнің аты____________________
Менің қарындасымның аты_________________
Менің інімнің аты_______________________
«Отбасы» сурет салу.
III. Қорытынды. :
Сонымен балалар біз бүгін сендермен бірге үлкен тақырып аясында ой бөлістік. Ата-анамызды ардақтап, құрметтеп, сыйлау біздің басты міндетіміз.
Отбасы – бұл қоғамның негізі. Баланың да болашақта жақсы азамат болып өсуі, тәрбиелі болу отбасына берілген тәрбие байланысты болмақ.
— Ал енді балалар бүгінгі сабағымызды қорытындылау үшін ойын. Жүректен-жүрекке ойлайық өз достарыңмен апйларыңа тілек тілейсіңдер.
— Жарайсыңдар балалар барлық тілектеріне рахмет менің сендерге тілерім өмірде бақытты болыңдар от бастарыңа бақ-береке, шатты, өз отбасыларыңның мақтанышы болыңыздар, ал бүгінгі келіп отқан ұстаз отбасына шаттық, береке ұл-қызыңның қызығын көріп ең үлгілі отбасы болыңыздар.
- Үйге тапсырма.
Өмірдегі ең асыл қазына ол — Отбасы! (эссе)
- Бағалау.