Басы » Математика » Натурал сандардың бөлінгіштігібет 260

Натурал сандардың бөлінгіштігі

Дина01Қарағанды облысы, Шет ауданы, Жұмыскер ауылы
Абай атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі
Аткеева Дина Оралбайқызы
Сабақтың тақырыбы: «Натурал сандардың бөлінгіштігі» тарауына есеп шығару
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың жыл бойына алған білімдерін пысықтауға арналған пысықтау есептерін шығару, жүйелеу, бекіту.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіре түсу.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды алға ойған мақсаттарына жетуге, тиянақтылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: қайталау сабақ
Сабақтың әдістері: тестік жұмыс, деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, сөзжұмбақ, сөздер.
Сабақтың жоспары: I. Ұйымдастыру
II. Үй тапсырмасын пысықтау
1. Ұжымдық жұмыс «Есеп шығарайық»
2. «Кім жылдам?»
3.«Біліміңе қарап өзіңді таны»
4. «Кел, ойланайық!»
5.«Ойла шапшаң» Сөзжұмбақ шешу
IV. Бекіту.
V. Бағалау.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру. 1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Психологиялық дайындық. Оқушыларға бір — бірінің қолдарынан ұстатып, сабаққа сәттілік тілеу.
II. Үй тапсырмасын тексеру. №313,№323
Ұжымдық жұмыс «Есеп шығарайық»
№1

Ең үлкен ортақ бөлгішін тап:

  •  а) 48 және 84         б) 72 және 96

 ә) 56 және 81          в) 328 және 624

№2

Ең кіші ортақ еселікті тап:

 а) 6 және 9         б) 81 және 243

 ә) 14 және 28     в) 72,120 және 180

№3

№4

№5

№6

№7

IV. Сергіту сәті «Кім жылдам?»

Логикалық есептер шешу.
а/. Бес бұтақты ағашта
Бұтақ  сайын бес алма
Біреуін бер Омашқа
Қалды сонда неше алма? / 24 алма /
ә/. Аулада бес үйрек
Қорада үш үйрек
Бір үйрек тығылды
Бір үйрек жығылды
Қалғаны неше үйрек? / 6 үйрек /
б/. Көлден ұшты 40 қаз
Қайтып қонды 15 қаз
Қонбады оның нешеуі?
Кәне, кім тез табады? / 25 қаз /

(тест)

1. Өрнектің мәнін тап:     2800 санын 14 пен 5 — тің көбейтіндісіне бөл.
а/ 30
ә/ 40
б/ 50

2. Теңдеуді шеш.
1600: (х+ 100) = 4
а/ 400
ә/ 200
б/ 300

3. 2 тәулік =… сағат
а/ 22 сағат
ә / 48 сағат
б/ 24 сағат

4. Сандардың қайсысы 3-ке бөлінеді?
а/ 3462

       ә/ 2980
б / 9731

5. 31*01 саны 9-ға бөліну үшін жұлдызшаның орнына қандай цифр қою керек?

       а/ 0

       ә/ 4
б / 9

6. ЕКОЕ-гі 120-ға тең екі санды көрсет:

       а/ 12; 40

       ә/ 12;  4
б / 60;  15

/Жұмыстарын оқушылар өздері бағалайды/
Деңгейлік тапсырмалар
« Біліміңе қарап өзіңді таны».

 

1 — деңгей: ( 225+30) х4 — 2100
2 — деңгей: 2592: 72 + 12007 = 12043
3 — деңгей: 980081+(341640 — 1263х109)=1184054
«Ойла шапшаң» Сөзжұмбақ шешу
Ұлы неміс математигі Карл Фридрих Гаус «Барлық ғылымдардың атасы… – деп бір пәнді атаған екен.» Сол пән қай пән екенін табу үшін сөзжұмбақты шешіп көрелік.
а/. Азайтудың ижесі қалай аталады? /айырма/
ә/. Тоғыз ондықты атаңдар? /тоқсан/
б/. Бір аптада неше күн бар? /жеті/
в /. Бір аптаның соңғы күні қалай аталады? /жексенбі/
г /. Тіктөртбұрыштың барлық қабырғаларының ұзындығының қосындысы. /периметр/
ғ/. Палетка не үшін керек? /аудан/
д/. Көбейтудің нәтижесі қалай аталады? /көбейтінді/
ж/. Сұйықтықты немен өлшейді? /литр/
з/. Оқу жылының алғашқы айы қай ай? /қыркүйек/
и/. Барлық қабырғалары өзара тең геометриялық фигураны ата. /шаршы /
Ерекшеленген әріптерді оқу /математика/
— Ендеше, бар ғылымның атасы – математика пәні екен, балалар.
V. Ғылымның сырына ұғына
Шығыңдар білім шыңына
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізсін сендей өренді
Математика сырына – деп сабағымызды қорытындылаймыз.
VI. Бағалау /Әркім өзінің қолындағы фигураларын санау арқылы бағаланады/.

 

[bws_related_posts]

1 пікір

  1. Сайлыбаева Айжан

    сабағыңызға рахмет

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *