СЕРГIТУ СӘТТЕРI
Сабақ арасында бастауыш сынып оқушылары тез шаршайтынын білеміз сондықтан сабақ ортасында оқушыларды бір рет сергітіп алған жөн. Төмендегі өлеңдер сергіту сәтінде қолдануға болады.
1. Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.
2. Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
3. Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай бөбектер
Үлкен болып өседі.
4. Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.
Жаттығу жасаймын.
Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ
Жаттығу оңай-ақ.
5. Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
6. Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Он саусақтың саласындай,
Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Бiр адамның баласындай.
7. Бала, бала, балапан
Қане, қайсы, алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнат.
Бала, бала, балапан
Қане, қайсы, алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнат.
8. Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды ұрамыз.
Бiр отырып, бiр тұрып,
Тез шынығып шығамыз.
9. Сағаттың тіліндей,
Иіліп оңға бір,
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір.
Оң аяқ, сол аяқ,
Жаттығу оңай-ақ.
10. Қатты нөсер басылды (жаймен тырсылдатады)
Күн жарқырай ашылды (қолдарымен күн жасайды)
Көктен төмен әдемi кемпiрқосақ шашылды (жарты доға жасайды)
11. Тәулiк бойы тынбайтын,
Болайықшы ақ жаңбыр (Ақырын жауған жауын тырсылын жасайды)
Астан-кестен жауатын
Өткiншi ендi бiз жаңбыр (Тез-тез жауған жаңбыр тырсылын келтiредi)
12. Қырғауыл боп ұшамыз, ұшамыз (Екi қолымен қанат жасап ұшады)
Түлкi болып қашамыз, қашамыз (Бiр орындарында тұрып жүгiредi)
Қырғауылдай тапқыр боп, тапқыр боп,
Орнымызға қонамыз (Бәрi орындарына отырады).
13. Орманның бiз емшiсiмiз
Тоқ, тоқ, тоқ (Партаны үш рет ұрады)
Құрт бiткендi жоқ етемiз
Жоқ, жоқ, жоқ, (Қимыл көрсетедi)
Тоқ, тоқ, тоқ,
Жоқ, жоқ, жоқ.
14. Аққу болып ұшамыз
Көлге келiп қонамыз
Көлдiң бетiн құшамыз
Қайта самғап ұшамыз.
15. Иiлiп оңға бiр,
Иiлiп солға бiр.
Денемiздi дұрыстап,
Тұрамыз тік ұстап.
16. Әппақ болып таң атты,
Түтiн тiке шығады.
Қарлығаштар қанатын
Самғап биiк ұшады.
17. Топ-топ, топ басайық,
Жалаудан күн жасайық.
Жаса, жаса алтын күн
Жаса, жаса жарқын күн. (балалар қолдарын соғады)
18. Шынығамыз, жастай бiз,
Жаттығуды бастаймыз.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш
Бойымызға жинап күш.
Шынығамыз, жастай бiз,
Жаттығуды бастаймыз.
19. Шаршасаңдар, балалар,
Қолдарыңды созыңдар.
Саусақтармен ойнаңдар,
Қолдарыңды сермеңдер.
Денелерiң шынықсын,
Саналарың тынықсын.