Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Жамбыл ауылы
бастауыш сынып мұғалімі Кабылтаева Ғалия Абаевна
Кім жүйрік ойға — сол алда.
Мақсаты: Оқушылардың қабілетін дамытып, ой — өрісін кеңейту, пәндерге деген қызығушылықтарын арттыру, озық ойлы балаларды тез, әрі дұрыс жауап беруге,белсенділікке, озық ойлы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суретжұмбақ, нақыл сөздер.
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар бүгін мектебімізде бастауыш сынып апталығының бірінші күні, апталығымыз қызықты да, сәтті өтсін деймін!
Қазіргі заман талабына сай, «сегіз қырлы, бір сырлы» жан — жақты деген оқушылар 3 — 4 сынып оқушыларын ортаға шақырайық.Оларды 2 топқа бөлеміз:1 — топ «балауса», 2 — топ «балдәурен» тобы.Жарыс бірнеше айналымнан тұрады.
І айналым: «Сөзжұмбақты шешу».10 сөзжұмбақтың шешуін табу.
2 айналым:«Кім тез?»
1.Қазақстандағы алғаш ғарышкер кім?
2.Қойдың пірі кім?
3.Жетіні жетіге көбейтсең неше болады?
4.Мәтіннің неше түрі бар?
5.Әнұранның авторы кім?
6.Табиғат нешеге бөлінеді?
7.Уақыттың өлшем бірлігі?
8.9 — мамыр қандай мереке?
9.Қағаз неден жасалады?
10.Иіс сезу мүшесін ата.
11.Жылқы атасы.
12.Бір қабырғасы
13.Ені 7см ал,ұзындығы 9см ауданын тап.
14.Периметрді қалай табмыз?
15.1- жылда неше күн бар?
16.Үшбиді ата.
17.Бала Мысықтың досы кім еді?
18.Сені емдейтін кім?
19.Әріппен шығарылатын есеп қалай аталады?
20.«Қызыл кітапқа»қандай аңдар енеді?
3 айналым: «Ұйқасын тап»
1.Суға қармақ салып,
Ұстап алдық(балық).
2.Өзі жиі дүлдүл,
Мұның аты(бұлбұл).
3.Кеше ойнап секіріп,
Медет алды (екілік).
4.Көктем шығып жайлауға
Көшті біздің шаңырақ,
Жамырасып қойнауда
Қойым жатыр(маңырап).
4 айналым: «Ізденіс — жеміс кепілі»
1.Алады деп асылымды,
Жер астына жасырынды.(кен)
2.Жазда тыныш тұрады,
Қыста маздап шырағы,
Ішкені мен жегені,
Желкесінен шығады.(пеш)
3.Секілді жырдың ұйқасы,
Жұпары жанның шипасы.(әтір)
4.Бұлбұл деп әркім мақтаған,
Аузыңды ғана сақтаған.(тіл)
5.Ызыңдап желмен қабаға,
Аумаған қобыз сарыны.(қамыс)
6.Шаттық сыйлап балаға,
Тербеледі ауада.(әткеншек)
5 айналым: «Сөзге кім жүйрік?»
«Қолшатыр» сөзінен қай топ көп сөз құрап шығады.
6 айналым: «Бұл не?…..»
1.Ал тез атын ата,
Мұның аты …..бақа.
2.Өзі бейне алау,
Мұның аты ….жалау.т.б.
Қорытынды: Әділ қазылар алқасы жеңіске жеткен топты анықтап,марапаттайды.
[bws_related_posts]