Басы » Математика » Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы (тақырыбы бойынша қорытынды сабақ)

Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы (тақырыбы бойынша қорытынды сабақ)

Шығыс Қазақстан облысы
Риддер қаласы
«Шаңырақ» көпсалалы мектеп-гимназиясының
математика пәнінің мұғалімі
Сагатбаева Бакытгуль Кисановна
Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессияның алғашқы  n мүшесінің қосындысы (тақырыбы бойынша қорытынды сабақ)
Сабақтың білімділік мақсаты: Арифметикалық прогрессияның  алғашқы  n мүшесінің қосындысының формуласын білу, осы формулаларды пайдаланып, есептер шығара білу.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың іскерліктерін өз бетімен еңбектену дағдыларын қалыптастыру барысында білім дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Сабаққа оқушылардың өз еркімен белсене араласуы, білімдерін көрсете алуы, топпен ұйымдасып жұмыс істеуі, өзін- өзі басқаруына ықпал ету.
Сабақтың көрнекілігі: Формулалар, деңгейлік тапсырамалар
Сабақтың түрі: Бекіту
Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс, жеке- дара жұмыс
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Қайталау (сұрақ- жауап түрінде). Біз нені білеміз?
4. Есептер шығару
5. Деңгейлік тапсырмалар
6. Шығарамашылық есеп (логикалық тапсырма)
7. Үйге тапсырма
8. Қортынды. Нені білдің? Нені үйрендің?
9. Бағалау
Қайталау: сұрақ- жауап түрінде «Біз нені білеміз?»

Сан тізбегі деген не?
Қандай тізбекті арифметикалық прогрессия деп атайды?
Арифметикалық прогрессияның айырмасы деп қандай санды атайды?
Арифметикалық прогрессияның  алғашқы  n мүшесінің формуласы
Арифметикалық прогрессияның  алғашқы  n мүшесінің қосындысының  формуласы
«Ғажайып үштік»
Ұяшық таңдау арқылы есептер шығарту
:101, 102,103            : 201, 202, 203           : 301, 302, 303   
101 : а1=-2, d=3, a6-?            201 : c5=27; c27=60, c1=?, d=?
102,: а1=3, d=5, a7-?              202 : a5=18; a8=33, a1=?, d=?
103 : а1=2,  a10=92, d=?          203: a4=17; a9=-13, a6=?, d=?
301: a4=10; a7=19, S10=?
302: 9; 13; 17;….. арифметикалық прогрессиясы берілген S11-ді табыңдар.
303: a3=11; a5=19, S10=?
ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМАЛАР
І – НҰСҚА

А – тобы
1) 19; 15; 11; … арифметикалық  прогрессияның 5 – інші мүшесін анықтаңдар.
2)1-інші күні дүкен 12 кг қант сатты, әрбір келісі күні алдыңғысынан 2кг қант артық сатып отырды. Дүкен 8 күн ішінде қанша қант сатты?
3) Егер а1 =20, d =3 болса, онда   а21 – ді табыңдар.

В – тобы
1) 11; 18; 25; … арифметикалық прогрессияның алғашқы 5 мүшесінің қосындысын табыңдар.

2) а6=23; а11=48 болғанда арифметикалық прогрессияның 1-інші мүшесін табыңдар.

С – тобы
1) Егер арифметикалық прогрессияның 6-шы мүшесі 31-ге, оныншы мүшесі 55-ке тең болса, онда прогрессияның алғашқы 35 мүшесінің қосындысын табыңдар.

ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМАЛАР
ІІ – НҰСҚА

А – тобы
1) -1; 3;7; … арифметикалық прогрессияның бесінші мүшесін табыңдар.
2) Дене бірінші минутта 5 м жылжыды, ал әрбір келесі минутта алдыңғысынан 0,5-ке артық жылжыды. 6-шы минутта дене қандай қашықтыққа жетті?
3) Егер а1=10, d=4 болса, онда а4-ті табыңдар.

В – тобы
1) 7; 11; 15; … арифметикалық прогрессияның алғашқы 26 мүшесінің қосындысын табыңдар.
2) а5=45, а7=75 болғанда арифметикалық прогрессияның 1-ші мүшесін табыңдар.
С – тобы
1) Егер арифметикалық прогрессияның 5-інші мүшесі 86 және 17-інші мүшесі 104-ке тең болса, онда прогрессияның алғашқы он мүшесінің қосындысын табыңдар.
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕСЕП (логикалық тапсырма)
Есеп: Бәйгеге қосылған ат бірінші айналымды 20 минутта, келесі айналымдардың әр қайсысын алдыңғы айналымға қарағанда 2 минут баяу шауып өтеді. Бәйгеге қосылған ат 10 айналымды қанша уақытта шауып өтеді?
Үйге тапсырма: №189, 193, 199 (ә)
Қорытындылау, оқушыларды бағалау.
Сабақты «саралап оқыту» әдісі арқылы өткізу оқушылардың пәнге қызығушылығын, белсенділігін, ойлау қабілетін арттырады деп есептеймін.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *